Асыраушы ата-ана туралы ең үздік кітап интернетте қолжетімді. Біз оны автордың рұқсатымен қазақ және орыс тілдерінде жариялапотырмыз.
Мұрат Қабылбаев – 16 асыранды баланың көпбалалы әкесі. Оның «Маған аспанды көрсет» кітабы – бала асырап алу туралы шынайы әңгіме, ол болашақ ата-аналар мен Асырап алушы ата-аналар мектебінің студенттеріне саналы шешім қабылдауға көмектеседі, отбасына бала алғандарға қолдау көрсетеді және балалар құқығын қорғау саласындағы мамандарға пайдалы болады.
«Балаларды отбасымызға қабылдаған алғашқы күндерден бастап күнделік жүргізе бастадым. «Маған аспанды көрсетшi» кітабы – күнделіктен алынған әңгімелер жинағы, шынайы өмірден алынған оқиғалар, онда балалардың өмірінің әртүрлі кезеңдері, түрлі жағдайлар және біз сол жағдайларда тапқан шешімдеріміз сипатталған. Кітаптың басы сәл сезімтал, тәтті кезеңдерді суреттейді, содан кейін нағыз өмір бейнеленеді.
Осы кітапты асыраушы ата-аналарға оқу өте пайдалы болады деп ойлаймын. Асырап алшы отбасы, кез келген басқа отбасы сияқты, бала келгенде бірқатар қиындықтарға тап болады, оларды шешу қабілеті көбіне баланы қабылдауға дайындыққа және асырап алушы ата-аналардың біліктілігіне байланысты.
Балаларды отбасына қабылдау туралы шешім саналы және ойластырылған болуы тиіс. Өзіңізді тыңдап, ішкі сұрақтарыңызға жауап табуға тырысуыңыз керек.
Баланы отбасына қабылдау ең алдымен асыра алушы ата-ананың қажеттілігі болып табылады, бала сізге ештеңе міндетті емес екенін, ризашылық күтпеу керектігін түсіну маңызды. Кітап отбасына бала қабылдауды ойлағандарға пайдалы болады деп үміттенемін, ол өз мотивацияларыңызды түсінуге және мүмкіндіктеріңізді бағалауға көмектеседі».
Мұрат Қабылбаевқа оның кітабын біздің сайтта – асырап алушы ата-аналық мәселесіне қызығушылық танытқандардың барлығына ашық қолжетімді түрде жариялауға рұқсат бергені үшін алғысымызды білдіреміз.