2024 жылдың 12 қарашасында Алматыдағы SOS Балалар ауылы жанынан қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен олардың балаларына арналған дағдарыс орталығының ашылуы өтті.
Орталық 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сол жылы SOS Қазақстан Балалар ауылдары әлеуметтік жетімдік профилактикасымен белсенді айналыса бастады. Бұл жұмыс ата-аналарды балаларға күш қолданбай тәрбиелеу әдістеріне үйретуді, сондай-ақ жетім балаларға арналған мекемелердегі балаларды отбасына орналастыруды қамтиды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы әрбір SOS Балалар ауылы жанында Балалар мен отбасыларды қолдау орталықтары (БОҚО) жұмыс істейді. БОҚО қызметінің басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған және баласынан айырылу қаупі туындаған отбасыларға көмек көрсету.
Алматыдағы БОҚО-ға балалы жалғызбасты әйелдерден көптеген өтініштер түседі. Олардың көпшілігі асыраушысынан, жұмысынан айырылған, баспанасын төлей алмай қалған немесе өздері мен балалары үшін жаңа мүмкіндіктер іздеп қалаға көшкенімен, өмірлік қиындықтарды еңсере алмаған адамдар. Қаражатсыз қалған олар көшеде қалып, кейде тіпті балаларына азық-түлік сатып алуға мүмкіндігі болмаған. Бұл өтініштер осындай отбасыларға негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіби дағдыларын жақсартып, өз бетінше өмір сүру мүмкіндігін алуға
көмектесетін кеңістік құру қажеттілігін көрсетті.
Біз сіздерді «Асар» орталығы туралы толығырақ ақпаратпен біздің сайтымызда танысуға шақырамыз.
2024 жылдың күзіне қарай «Халық» қорының қолдауымен орталықта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әйелдер мен олардың балаларына арналған жағдайлар жақсартылды. Бұл орталықтың отбасыларға көмек көрсету және оларды дағдарыстан шығуға жәрдемдесу бойынша жұмысында үлкен үлес болды.
Орталықтың ашылу салтанатына Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары Ақанова Әсия мен Ерлан Диана, сондай-ақ Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі қатысты.
Ашылу шарасына «Халық» қайырымдылық қорының директоры Шүнкеев Сәгінбек және басқарушы директоры Әбілшаиков Нариман қатысты.
Қонақтар жаңартылған орталықты көріп, оның түлектерімен сөйлесіп, орталықтың отбасы мен балаларды қолдау миссиясының маңыздылығына тағы да көз жеткізді.