fbpx

Жасөспірімдер үшін кәсіби бағдар  беру: мамандық таңдау – өмір жолын таңдау

© Фото:  Қазақстанның SOS балалар ауылдары

Мақаланы жазу барысында кәсіби кеңес бергені үшін SOS Теміртау балалар ауылының жастарды дамыту жөніндегі жетекші маманы Анна Степановаға алғыс білдіреміз.

Мамандық таңдау – жасөспірімнің ересек өмірге жасар алғашқы қадамының бірі. Бұл жәй «кім боласың?» деген сұраққа жауап қана емес. Шын мәнінде бұл –  жасөспірімнің өзіне қойған «Қалай өмір сүргім келеді?» деген күрделі сұраққа жауабы.  

Болашақ кәсіп өмір ырғағын, әлеуметтік ортасын, жауапкершілік деңгейін, дамуы мен өз қабілетін іске  асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Сондықтан кәсіби бағдар –  бір реттік кеңес те, «келешегі бар мамандықтар» тізімі де емес, бұл – ұзақ та нәзік, әрі аса маңызды сүйемелдеу процесі.

Дәл осы қатынасты Қазақстанның SOS Балалар ауылдары ұйымы ұзақ жылдар бойы өмірлік жағдайы алуан түрлі жасөспірімдермен жұмыс істеудегі практикалық тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асырып келеді.

Кәсіби бағдар – «бір рет және өмір бойына» таңдау емес, процесс

Қоғамда әлі күнге дейін бір жаңсақ түсінік бар: мамандықты бір-ақ рет, өмір бойына дұрыс таңдау керек, әрі қателесуге болмайды. Бұл жасөспірімдерге қысым, қорқыныш және кез келген екіұшты жағдай сәтсіздікпен тең деген үрей сезімін тудырады.

SOS Балалар ауылдарында біз өзге принцип ұстанамыз: таңдаған кәсібің – шыға алмайтын тор емес, бастау алар алаң.

Саналы таңдау жасау жолыңның мінсіз болуына кепілдік бермейді, бірақ ең маңыздысы – өз өміріңнін мәні  мен ішкі тірегіңді түйсінуді береді. Жасөспірім өзіне шынайы сұрақтар қойып үйренеді:

  • өзін шынымен не қызықтырады;
  • қай жерде өз ерекшеліктері артықшылыққа айналады;
  • қандай істе өзін маңызды әрі құнды сезінеді.

Бұл сұрақтар кез келген кәсіп рейтингісі мен сыртқы күткенінен әлдеқайда маңызды.

Жасөспірімдерге «өз компасын баптауға» қалай көмектесеміз.

Біздің мақсат – жасөспірім үшін таңдау жасау немесе оның болашағын «белгілеу» емес. Ересектердің ең үлкен көмегі –  баланың өзін тануына, түрлі бағыттарды байқап көруіне және таңдау жасау үшін біртіндеп ішкі тірегін қалыптастыруға жағдай жасау.

Біз мұны «компасты баптау» деп атаймыз, өйткені жол өзгерсе де, жасөспірім өзі мен шынайы өміріне бағдарлана алуы тиіс.

1. Тыңдаймыз әрі бақылаймыз: бәрін қызығушылығының өзі айтады

Кәсіби бағдар беру университет немесе колледж туралы әңгімелерден әлдеқайда ертерек басталады. Жасөспірімді шын мәнінде не қызықтыратынын байқау маңызды:

  • ол еске салусыз, әрі, күштеусіз немен қызыға айналысады;
  • қандай тақырыптарды қызығушылықпен талқылайды;
  • қай жерде бастама көтеріп, дербестік танытады;
  • қандай тапсырмаға бірден «кірісіп», ұзақ көңіл бөле алады.

Жасөспірім кейде өз мықты тұстарын өзі айта алмайды, әсіресе сәтсіз немесе сынға ұшыраған тәжірибесі бар болса. Сондықтан мамандар рөлі –бала бойында бар ресурстарды байыппен «айқындап», оған өз қолынан  не келетінін көре білуге  және оны кәсіп  негізіне айналдыруға көмектесу.

2. Айналысып көруге мүмкіндік береміз: тәжірибе кез келген тестіден күштірек

Ешбір тест «маған сай келеді» немесе «бұл мүлде менікі емес» деген ішкі сезінуді алмастыра алмайды. Сондықтан біз жасөспірімге практика арқылы таңдау жағдайын туғызамыз:

  • кәсіпорындар мен ұйымдарға экскурсиялар;
  • шеберлік сыныптары мен воркшоптар;
  • үйірмелер, секциялар, шығармашылық студиялар;
  • түрлі кәсіп иелерімен кездесулер;
  • кәсіби сынақтар мен нақты міндеттерді шешуге  қатысу.

Жасөспірім кәсіп туралы оның шынайы мәнін толық түсінбей тұрып армандай алады. Ал алғашқы іс-тәжірибеден кейін кенет: «Мен бұны басқаша елестеткен едім» деп түйсінуі мүмкін. Бұл көңілі қалу емес, бұл –  таңдаудың есеюі.

3. Шынайы өмір жөнінде қорқытпай, ашық сөйлесеміз.

Кәсіби бағдар берудің маңызды бөлігі – кәсіптің шынайы өмірде қалай жүзеге асатыны туралы әңгімелесу. Біз жасөспірімдерді қиындықтармен қорқытпаймыз, бірақ артық иллюзия да туғызбаймыз.

Біз мамандықтарды түсінікті критерийлер арқылы бірге талдап, өзіндік SWOT-профиль жасаймыз:

  • жұмыс кестесі мен жүктеме режимі;
  • қазіргі кезде қажет дағдылар қандай;
  • нені дамытуға және неге «тырысуға» тура келеді;
  • кәсіптің артықшылықтары мен кемшін тұстары;
  • өсу перспективалары;
  • жауаптылық деңгейі мен стресс факторлары;
  • осы кәсіпте қай жеке қасиеттер  артықшылыққа айналады.

Мұндай байыпты талдау жасөспірімге «сәнге айналған» кәсіпті емес, дәл өзіне сай келетінін таңдауға көмектеседі.

4. Сенімін нығайтамыз: жасөспірім үшін «менің қолымнан келеді» деп сезіну маңызды.

Көбіне кәсіп таңдау қызығушылықтың болмауынан емес, ішкі сенімсіздік кесірінен қиындайды:

  • «қолымнан келмейді»,
  • «бұған ақылым жете бермейді»,
  • «менің бұған шамам келмейді»,
  • «мені бәрібір ешкім жұмысқа алмайды».

Сондықтан кәсіби бағдар – бұл өзін-өзі бағалауды және өзіне сенімді қалыптастыру. Біз жасөспірімнің әрбір қадамына қолдау көрсетеміз: жаңа нәрсе үйренді, байқап көрді, көпшілік алдында сөйледі, көмек сұрады, берілмеді.

Осылайша біртіндеп ересек өмірге қажет маңызды дағды қалыптасады: ол қорқыныш емес, өз күш-жігеріне сүйену.

5. Тіпті таңдауын өзгертсе де, қолдаймыз. 

Жасөспірімдер өз  шешімін бірнеше рет өзгертуі мүмкін – бұл қалыпты жағдай. Бүгін ол дизайнер болғысы келеді, бір айдан кейін – заңгер, одан соң механикаға немесе IT-ға қызығуы мүмкін.

Біз мұны «тұрақсыздық» емес, табиғи ізденіс ретінде қабылдаймыз. Біздің рөліміз – осы жолдан сабырмен өтуге көмектесу:

  • іштегі күмәнін бірге талқылау;
  • нұсқаларды салыстыру;
  • қызығушылығы мен мықты тұстарын қайта сөз ету;
  • жасаған талпынысын құнсыздандырмау.

Кәсіби бағдар беру – жанды процесс. Кейде ондағы ең құнды нәрсе – соңғы шешімі емес, жасөспірім өзінің ізденуге, байқап көруге және қайта таңдауға құқылы екенін түсінуі.

6. Өз жолын жоспарлауға үйретеміз: арманнан нақты әрекетке қарай

Қызығушылығы айқын бола бастағанда, оны түсінікті бағытқа айналдыру маңызды. Біз жасөспірімдермен бірге кәсіби карта (профкарта) құрамыз – бұл қатаң жоспар емес, икемді жол картасы секілді:

  • кәсіпке кірісу үшін қандай қадамдар жасау қажет;
  • қайда оқуға болады, білім алу нұсқалары қандай;
  • қандай пәндер мен дағдыларды күшейту керек;
  • қай жерде іс-тәжірибеден өтуге болады;
  • қандай дағдылар кез келген бағытта пайдалы болады (коммуникация, сыни ойлау, өзін-өзі тәртіпке келтіру, цифрлық дағдылар).

Осылайша жасөспірім болашақты «бір ғана нүкте» ретінде емес, мүмкіндіктер мен қадамдар жүйесі ретінде көруге үйренеді.

7. Кәсіби өсуді байқауға ықпал етеміз: кәсіп – бұл нүкте емес, даму жолы

Жасөспірімдерге жеткізетін ең маңызды идеяның бірі – егер қайда жылжу қажеттігін түсінсең, кәсіпте қашан да өсуге болады.

Біз талқылайтын  сұрақтар:

  • кәсіби дамуда қандай сатылар болады;
  • маман құнын арттыратын дағдылар қандай;
  • мансап жолы түрлі салаларда қалай қалыптасады;
  • уақытша қиындықтарды  шынайы «өзінікі емес» кәсіптен қалай ажыратуға болады.

Бұл жасөспірімдерге болашақтан қорықпауға және таңдауды үкім ретінде қабылдамауға көмектеседі.

Ең бастысы –  өзін іздеуге мүмкіндік беретін орта.

Біздің кәсіби бағдарлауымыз негізі – әрдайым қолдау атмосферасы. Біз жасөспірімнің келесі сезімді бастан өткізуін қалаймыз:

«Маған ізденуге болады. Қателесуге болады. Өзімді таңдауыма болады».

Дәл осы күйде жасөспірімдер өз шешімін қорқыныш пен қысымнан емес,  шынай мүмкіндігі мен күшті жақтарын түсіне отырып қабылдай бастайды.

Кәсіби бағдар беру іс жүзінде: болашақ туралы түсінікті өзгертетін тәжірибе

Іс-тәжірибе – саналы таңдаудың ең қуатты құралының бірі.

Мәселен, күзгі каникул кезінде Теміртаудағы SOS Балалар ауылынан келген жасөспірімдер жуғыш құралдар өндіретін кәсіпорында болып қайтты. Олар химиялық өндірістің толық циклін көріп, технолог, лаборант, оператор мамандықтарымен танысты, бұл сала мамандарына қандай білім мен дағдылар қажет екенін және олардың жұмыс күні қалай өтетінін көріп білді.

Олардың көпшілігі үшін бұл нағыз жаңалық болды: химия тек формулалар жиынтығы емес, өз қолыңмен пайдалы өнім жасауға болатын заманауи, жанды салаға айналды.

Жыл басында Алматыдағы SOS Балалар ауылының жасөспірімдері автомобиль жасау зауытында болды.  Олар роботтандырылған желілердің жұмысын, құрастыру мен сапаны бақылау сатыларын өз көзімен көріп, автомобиль өнеркәсібінде сұранысқа ие мамандықтар туралы білді. Бұл тәжірибе олардың заманауи технологиялар мен өндірістегі кәсіби  тұрғыда өз қабілетін көрсету мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтті.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің өзін сол кәсіп иесі ретінде елестетіп көруіне және таңдаудың шынайы ауқымын байқауына көмектеседі.

Өзін-өзі іздеуге болатын атмосфера

Кәсіби бағдарлау жұмысының басты нәтижесі – нақты таңдалған мамандық емес, жасөспірімнің ішкі күйі. Біз оның келесідей сезімді бастан кешіру ортасын туғызуға ұмтыламыз:

«Маған ізденуге болады.

Маған қателесуге болады.

Өзімді таңдауыма болады».

Дәл осындай ортада өз таңдауы үшін жауапкершілік, өзіне деген сенім және өз болашағын саналы түрде құруға даярлық қалыптасады.

Жасөспірімдермен көпжылдық жұмыс көрсеткендей, тиімді кәсіби бағдар беру балаға сенім білдірусіз, практикасыз және оның жеке тұлғасына құрметпен қараусыз мүмкін емес. SOS Қазақстан Балалар ауылдары тәжірибесі – кәсіп түрлерімен ертерек таныстыруды, жеке сүйемелдеуді, шынайы тәжірибе мен ұзақ мерзімді қолдауды тоғыстыратын жүйелі қатынас.

Ата-аналар мен мамандар үшін бұл маңызды бағдар: жасөспірімдерге дайын жауап емес, өз таңдауына барар жолда сенімді жолсерік қажет.

Блог

Болашақ кәсіп өмір ырғағын, әлеуметтік ортасын, жауапкершілік деңгейін, дамуы мен өз қабілетін іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Сондықтан кәсіби бағдар – бір реттік кеңес те, «келешегі бар мамандықтар» тізімі де емес, бұл – ұзақ та нәзік, әрі аса маңызды сүйемелдеу процесі. Дәл осы қатынасты Қазақстанның SOS Балалар ауылдары ұйымы ұзақ жылдар бойы өмірлік жағдайы алуан түрлі жасөспірімдермен жұмыс істеудегі практикалық тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асырып келеді.

Қызметкерлердің кейсті жүргізу бойынша құзыреттіліктерін арттыруға арналған халықаралық шеберлік оқыту

«Әлеуметтік тәуекел топтарындағы отбасылармен жеке жұмыс істеуде: жағдайды басқару» тақырыбындағы оқыту

«Ізгі істер» жобасы

Теміртау қаласындағы SOS Балалар ауылының жобасы туралы толығырақ біліңіз

История 1

Lorem ipsum dolor sit amet consectetur. Pharetra lobortis tincidunt a eu dignissim sed eget gravida. Eleifend risus ornare erat placerat lacus in proin. Eget nulla ultrices mattis nulla semper sagittis elementum. Egestas egestas elit odio vitae sagittis eleifend morbi. Id sit eget viverra id eget vitae. Elementum ipsum nunc tempus orci nibh tincidunt nulla ornare. Sit fames placerat volutpat lacus. Nunc aliquam sociis posuere semper diam faucibus quis. Enim venenatis sed diam quis. Diam faucibus ullamcorper porta proin. Sollicitudin faucibus nibh tempor quam imperdiet sed felis. Imperdiet donec ridiculus fermentum lacus id.
Senectus mi mattis facilisi bibendum a. Ullamcorper lorem adipiscing proin at. Quis urna eu in ultrices placerat velit metus. Mi diam posuere eu scelerisque dolor aenean. Suspendisse consequat venenatis massa enim pellentesque. Et tempor enim massa velit. Sed vitae quis ut magna vel. Suspendisse commodo gravida quisque nisl. Amet amet sit at tellus quis integer augue dapibus odio. Nisl id turpis vitae massa ac ut nibh.

Қарағанды

Қарағандының колледждері мен университеттерінде білім алуды ұйғарған Теміртаудан келген тәрбиеленушілер Қарағанды топтық үйіне көшеді. Қазір онда 10 жасөспірім тұрады. Педагогтер оларды тәуелсіз ересек өмірге аяқ басқан жолында қолдау көрсетеді. 

Қарағандының екі аула клубының базасында, Майқұдық пен Пришахтинскіде Балалар мен отбасын қолдау орталықтарының филиалдары жұмыс істейді. Олар қиын жағдайға тап болған отбасыларға және асырап алған балалары бар отбасыларға өздері тұратын жерде әлеуметтік қызметтер алуға мүмкіндік береді.

Теміртау

Теміртауда біздің қамқорлығымызда 58 бала бар. Біз олар үшін әр балаға жайлы әрі қауіпсіз болатындай қамқор әрі қауіпсіз орта қалыптастырдық. SOS Балалар ауылының базасында Балалар мен отбасын қолдау орталығы қабылдау жүргізеді, бұл қиын жағдайға тап болған отбасыларға және асырап алған балалары бар отбасыларға көмектеседі. 

Астана

Астанада біздің қамқорлығымызда 91 бала бар. Біз олар үшін әр балаға жайлы әрі қауіпсіз болатындай қамқор әрі қауіпсіз орта қалыптастырдық. Астанада тәрбиеленушілердің ішінен 30 жасөспірім өздерінің отбасылық үйлерін тастап, жастар қамқорлығы жобалары аясында өз бетінше өмір сүруге дайындалу үшін жастар үйлері мен жатақханаларында тұрады.  

Астанада да Балалар мен отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, ол өмірде қиын жағдайларға тап болған отбасыларға және асырап алынған балалары бар отбасыларға көмектеседі.

Алматы

Алматыда біздің қамқорлығымызда 83 бала бар. Біз олар үшін әр балаға ыңғайлы және қауіпсіз болатын қамқор әрі қауіпсіз орта қалыптастырдық. Алматыда тәрбиеленушілер қатарынан шыққан 41 жасөспірім өздерінің отбасылық үйлерін тастап, жастар қамқорлығы жобаларында өз бетінше өмір сүруге дайындалу үшін жастар үйлерінде немесе жатақханаларда тұрады.

SOS Балалар ауылының базасында Балалар мен отбасын қолдау орталығы бар, олар қиын жағдайға тап болған отбасыларға және асырап алынған балалары бар отбасыларға көмек көрсетеді. Сонымен қатар Алматыда «АСАР» орталығы жұмыс істейді, орталық өмірде қиын жағдайларға тап болған балалары бар аналарға көмектеседі.

Сіздің әрбір жомарттығыңыз балаларға баға жетпес пайда әкеледі

1 Қайырымдылық сомасы 2 Сіздің мәліметтеріңіз 3
немесе басқа соманы енгізіңіз
Мен Қайырымдылық келісімі және Жеке деректерді өңдеу шарттарымен келісемін