Жұмыс орны: Алматы
Қазақстанның SOS Балалар ауылдарының Ұлттық кеңсесі фандрайзерлерді (промоутерлерді) – балаларға көмек көрсетудің маңыздылығын әлемге жеткізуге дайын белсенді адамдарды іздейді.
Міндеттеріңіз:
Адамдармен (жеке тұлғалармен) офлайн форматта әңгімелесіп, біздің қызметіміз бен бағдарламаларымыз туралы айтып, Қазақстанның SOS Балалар ауылдарына ай сайынғы қайырымдылыққа жазылуды ұсыну.
Егер сіз:
- 18 жастан асқан болсаңыз (жоғарғы жас шегі жоқ);
- Энергияңыз мол, позитивті және мақсатшыл болсаңыз;
- Жаңа адамдармен оңай тіл табыса алсаңыз;
- Қиындықтардан қорықпасаңыз;
- Нәтижеге бағытталған болсаңыз;
- Жаныңыз ашып, жанашырлық таныта алсаңыз;
- Топта жұмыс істегенді ұнатсаңыз;
- Жауапты және адал болсаңыз, біз сізді күтеміз!
Біз ұсынамыз:
- Тұрақты жалақы және жұмыс нәтижесіне байланысты қосымша бонус;
- Қызмет көрсету келісімі бойынша жұмыс;
- Икемді кесте (жұмыс уақытын өзіңіз таңдауға мүмкіндік бар);
- Тұрақты оқыту және тәжірибелі тәлімгер.
Осы позицияға өтінім беру үшін түйіндемеңіз бен ілеспе хатыңызды kinderdorf@sos-kazakhstan.kz поштасына жіберіңіз