2024 жылдың күзі біз үшін ерекше мерекемен есте қалды. Біздің ұйымымызға 30 жыл толды
Қазақстанның SOS Балалар ауылдары” Корпоративтік қоры 1994 жылы Сара Алпысқызының бастамасымен жəне SOS Children’s Villages International ұйымының қолдауымен құрылды. Қазіргі таңда елімізде үш SOS Балалар ауылы жұмыс істейді, онда шамамен 900 бала отбасылық тəрбиемен қамтылған. Сонымен қатар, біздің ұйым жүзеге асырып жатқан жетімдікке қарсы жобалардың арқасында 2500-ден астам бала өз отбасымен ажырап қалмады.
Мерекелік іс-шаралар SOS Балалар ауылдарына Қамқоршылық кеңестің төрайымы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның Теміртау, Астана жəне Алматы қалаларына жасаған сапарларынан басталды. Бұл сапарлар 15, 17 жəне 22 қазанда өтті. Сапар барысында Балалар ауылдарына ноутбуктар табысталды: Алматы жəне Астана локациялары үшін “NNEF” Қоғамдық қорының атынан, ал Теміртау
локациясы үшін“Аяла” Қайырымдылық қорының атынан сыйға берілді.
2024 жылдың 18 қазанында Астанада SOS Қазақстанның Балалар ауылдарының қызметкерлері, түлектері, серіктестері мен достары бас қосқан мерекелік гала-іс-шара өтті. Бұл кеш Astana IT University қабырғасында ұйымдастырылды. Сахнада SOS Балалар ауылдарының дарынды балалары əн шырқап, би билеп, өлеңдер оқыды. Серіктестер мен түлектердің жүрекжарды құттықтаулары естілді.
Əрине, бұл кеш біздің ұйымның ерекше командасына алғыс айтуға тамаша себеп болды. Біз қолдау көрсеткен балалар мен отбасылардың əл-ауқаты ата-ана-тəрбиешілердің, психологтардың, əлеуметтік қызметкерлердің жəне басқа да көптеген адамдардың еңбегінің арқасында мүмкін болды. Мереке күні олардың көпшілігі кəсібилігі мен миссияға адалдығы үшін мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар, бұл мереке бізге қордың маңызды əрі ауқымды жобаларын жүзеге асыруға үлес қосқан достарымыз бен серіктестерімізге алғыс айту мүмкіндігін сыйлады.
Балаларға арналған 30 жылдық қамқорлық жүздеген адамның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты. Біз бұл атаулы күнді атап өтуге үлес қосқан əрбір жанға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!