Главная ⠀/⠀ Жауапкершілік және есеп беру
Жауапкершілік және есеп беру
Қаржыландыру көздері
Жыл сайын SOS Қазақстан балалар ауылдары балалар мен жасөспірімдердің бақытты болуы және әл-ауқатын арттыру үшін қамқорлық жасайды. Біздің қызметіміз мемлекеттік субсидиялардың, халықаралық демеушілік бағдарламалардың, корпоративтік демеушілердің, ақшалай емес қайырымдылықтар мен сыйлықтардың (соның ішінде күрделі жөндеу және қамқорлық жобаларын жарақтандыру түрінде) арқасында жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондай-ақ біздің жұмысымыз сіздердің, яғни біздің жұмысымызды қолдауды ұйғарған адамдардың арқасында орындалады. Сіздердің қайырымдылықтарыңыз болашақта балалардың қажетті қолдаусыз қалмауы үшін жобаларды жалғастыруға және кеңейтуге көмектеседі.
Көмек қаржысы қайда жіберіледі
Сіздердің қайырымдылықтарыңыздың 100 %-ы SOS Қазақстан балалар ауылдарының бағдарламаларын қолдауға жіберіледі. Бұл қаражат мыналарға қолданылады:
- Балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін сапалы жағдайлар жасауға
- Мамандандырылған көмекке мұқтаж балаларға психологиялық қолдау көрсетуге.
- 24/7 балаларға назар аударуды және қамқорлықты қамтамасыз ететін қызметкерлерге еңбекақы төлеуге.
- SOS балалар ауылдары және Балалар мен отбасын қолдау орталықтарының қызмет көрсетуіне.
- Біздің бағдарламаларымыз бен қызметтерімізді дамытуға және жақсартуға.
Бақылау және аудит
SOS Қазақстан балалар ауылдары біздің қолдаушыларымыз бен донорларымыздың сенімін бағалайды және өз жұмысында айқындық пен ашықтық стандарттарын қолданады. Біз қаржылық операцияларды ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес қатаң бақылаймыз. Біздің ұйым үнемі қаржылық есептіліктің сыртқы аудитінен өтеді және әрбір департаментте ішкі саясаттың сақталуын қадағалайды.