Главная ⠀/⠀ Жеке тұлғаларға
Балаларға үміт сыйлаңыз
Күн сайын SOS Қазақстан балалар ауылдары жүздеген балаға өз отбасын жоғалтпауға немесе жаңасын табуға көмектеседі. Ал сіздер бізге осыған көмектесе аласыздар
Қайда және қалай көмектесеміз
отбасы 2023 жылы психологиялық, құқықтық және басқа да көмек алды
бала 2023 жылы біздің қамқоршылық жобаларымыз бойынша тәрбиеленді
83 %-дан көп, олардың білімі, жеке тұрғын үйі және тұрақты жұмысы бар
Балама қамқорлық
Біз Балалар ауылдары мен Жастар қамқорлығы жобаларымызда балаларға қауіпсіз үй, сүйіспеншілікке толы отбасы және болашаққа деген үміт сыйлаймыз
Жетімдіктің алдын алу
Біз отбасыларға қиын жағдайларды жеңуге және балаларға қажетті қамқорлық пен күтімді қамтамасыз етуге көмектесеміз. Осының арқасында балалар туған ата анасынан ажырамайды.
Асырап алушы ата-аналар мектебі
Біз бала асырап алуға үміткерлерді жаңа рөлге дайындаймыз және оларды баланы отбасыға бейімдеуде қолдау көрсетеміз
Балаларды қатыгездіктен қорғау
Біз жұмысымыздың барлық деңгейінде балаларды қатыгездіктен қорғау стандарттарын енгізе отырып, балаларға барлық жобада қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеміз
3 000 теңге
Бұл – болашақ.
Біздің қамқорлығымыздағы балалар үшін педагогпен бір сабақ осынша тұрады. Әрбір сабақ – олардың өз бетінше ересек өмірге аяқ басқанжолындағы тағы бір қадам.
5 000 теңге
Бұл – қауіпсіздік.
Біздің «АСАР» дағдарыс орталығымызда тұратын жалғызбасты аналар үшін үш күндік азық-түлік жиынтығы осынша тұрады. Азық-түлік жиынтығы оларға балаларының тамақтануы туралы алаңдамауға, қауіпсіздікті сезінуге және қиын жағдайдан шығуға бар күш-жігерін жұмсауға мүмкіндік береді.
10 000 теңге
Бұл – жаңа өмір.
Ата-анасынан айырылған немесе қатыгездіктен зардап шеккен балалар үшін психологпен бір консультацияның құны дәл осындай. Психологтің көмегі оларға зақым алу жағдайларының салдарын шешуге көмектеседі.