Главная ⠀/⠀ Жеке тұлғаларға
Балаларға үміт сыйлаңыз
Күн сайын Қазақстанның SOS Балалар ауылдары жүздеген балаға өз отбасын жоғалтпауға немесе жаңасын табуға көмектеседі. Ал сіздер бізге осыған көмектесе аласыздар
Қайда және қалай көмектесеміз
жобаларымыз іске асырылуда
біздің психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмегімізді алды
дәл қазір біздің қамқорлығымызда өсіп жатыр
Альтернативті қамқорлық
Біз ата-анасынан айырылған балаларға қауіпсіз үй, сүйіспеншілікке толы
отбасы және жарқын болашаққа үміт сыйлаймыз.
Біздің альтернативті қамқорлық жобаларымыздың арқасында 500-ден астам бала табысты ересек өмірге аяқ басты.
Балалар мен отбасыны қолдау орталықтары
Біз отбасыларға өз күшімен жеңе алмайтын қиын өмірлік жағдайларды еңсеруге көмектесеміз.
Осы көмектің арқасында 2500 бала балалар үйін көрмей, отбасында қалуға мүмкіндік алды.
АСАР дағдарыс орталығы
Біз балаларын өздері тәрбиелеп, қиын жағдайларға тап болған жалғызбасты аналарды қолдаймыз.
Біздің АСАР дағдарыс орталығымыз 83 әйелге жаңа өмір бастауға және
балаларына балалық шақты қайтаруға көмектесті.
Асырап алушы ата-ана мектебі
Біз асырап алушы ата-ана болуға ниетті адамдарды жаңа рөліне
дайындаймыз және баланың отбасына бейімделу кезеңінде оларды қолдаймыз.
Біздің мектеп түлектері 237 балаға ата-ана болып, оларды балалар үйінен алып шықты.
3 000 теңге
Бұл – болашақ.
Дәл осы сома ерекше білім алуға
қажеттіліктері бар балаларға оқу мен өмірге қажетті дағдыларды меңгеруге көмектесетін тьютордың бір сағаттық жұмысын қамтамасыз етеді
5 000 теңге
Бұл – қауіпсіздік.
Біздің «АСАР» дағдарыс орталығымызда тұратын жалғызбасты аналар үшін үш күндік азық-түлік жиынтығы осынша тұрады. Азық-түлік жиынтығы оларға балаларының тамақтануы туралы алаңдамауға, қауіпсіздікті сезінуге және қиын жағдайдан шығуға бар күш-жігерін жұмсауға мүмкіндік береді.
10 000 теңге
Бұл – жаңа өмір.
Ата-анасынан айырылған немесе қатыгездіктен зардап шеккен балалар үшін психологпен бір консультацияның құны дәл осындай. Психологтің көмегі оларға зақым алу жағдайларының салдарын шешуге көмектеседі.
Әңгімелер
Гүлнұр
Ольга
Света
Тимур
Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстанның SOS Балалар ауылдары кімге көмектеседі?
Ересектердің қамқорлығынан айырылған балалар біздің Балалар ауылдарында жаңа сүйіспеншілікке толы отбасылы бола алады. Балаларды алып қою қаупі бар отбасылар біздің Балалар мен отбасын қолдау орталықтарымызда және «АСАР» орталығында дағдарысты жеңу бойынша көмек алады. Баланы тәрбиелеуді жоспарлап отырған адамдар біздің Асырап алушы ата-аналар мектебімізде жаңа рөлге дайындала алады.
Менің қайырымдылығым қандай шығындарға жұмсалады?
Бұл жобалар жұмыс істеп, көмек көрсетуді жалғастыру үшін біз ай сайын мамандардың: ата-аналардың-тәрбиешілердің, психологтердің және педагогтердің жұмысына ақы төлеуіміз керек. Дағдарыс орталығындағы жалғызбасты аналарға гигиеналық және азық-түлік жиынтығы қажет. Әлеуметтік қызметкерлер Балалар мен отбасын қолдау орталықтарынан алыс тұратын отбасыларға кеңес беруге баруы үшін жанармай ақысын төлеуі керек. Сондай-ақ балалар мен отбасылар тұратын және көмек алатын мекемелерге тұрақты жөндеу жұмыстары қажет.
Осы шығындардың барлығынан балалардың әл-ауқаты және олардың бақытты болашаққа деген үміті қалыптасады.
Қайырымдылық – сіздің оған қосқан үлесіңіз.
Неліктен тұрақты қайырымдылық сіз үшін маңызды?
Бала Қазақстанның SOS Балалар ауылындағы жаңа үйінің табалдырығын аттаған сәтте біз оның өмірі, балалық шағы және болашағы үшін жауапкершілікті ол есейгенше және өз жолын жалғастыруға дайын болғанша өз мойнымызға аламыз.
Сондықтан да бізге тұрақты қайырымдылықтар өте маңызды, олармен біз жұмысты сенімді жоспарлай аламыз, балаларды Балалар ауылдарына қабылдап, қиын жағдайларға тап болған отбасыларды өз қолымызға аламыз.Сондықтан да бізге тұрақты қайырымдылықтар өте маңызды, олармен біз жұмысты сенімді жоспарлай аламыз, балаларды Балалар ауылдарына қабылдап, қиын жағдайларға тап болған отбасыларды өз қолымызға аламыз.
Қазақстанның SOS Балалар ауылдарына сенуге болатынына қалай көз жеткізе аламын?
Біз ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес барлық қаржылық операцияны қатаң есепке алуды және бақылауды жүргіземіз. Жыл сайын SOS Children ‘s Villages International халықаралық талаптарына сәйкес қаржылық аудиттен өтеміз.
Біздің есептер үнемі жарияланып отырады, сіз оларды әрқашан сайттан көре аласыз.
Тұрақты қайырымдылықтар қалай жұмыс істейді?
Біздің пайдамызға үнемі қайырымдылық жасау – сізге күш салуды қажет етпейтін, әлемді саналы әрі жүйелі түрде жақсарту тәсілі.
Қазақстанның SOS Балалар ауылдарының пайдасына тұрақты қайырымдылыққа жазылсаңыз, таңдалған қайырымдылық сомасы айына бір рет сіздің картаңыздан алынады және балаларға көмекке жіберіледі.
Көмектесу өте оңай.
Болашақта қайырымдылықтан бас тартуға бола ма?
Сіз әрқашан қайырымдылық сомасын, оны есептен шығару күнін өзгерте аласыз немесе жазылудан бас тарта аласыз.
Мұны істеу үшін сізге бізбен байланысу қажет help@sos-kazakhstan.kz.