Отбасыларды нығайту бағдарламасы (жетімдіктің алдын алу)
Біз ата-анасынан айырылған балалармен жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге балалардан ажырап қалу алдында тұрған отбасыларға көмек береміз. Біздің мақсатымыз – жергілікті қоғамдастықпен бірлесе отырып, мұндай отбасыларға тұрақтылыққа жетуге көмектесу, балаларын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға үйрету.
Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, бұл тәсіл әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу үшін қажет.
Біздің жобаларымыздың міндеттері
Балаларды толыққанды дамуы үшін қажетті қолдаумен қамтамасыз ету
Отбасылардың әлеуетін дамыту: ата-аналарға педагогикалық білімді игеруге, балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тұрақты табыс табуға көмектесу
Ата-аналарға мемлекет ұсынатын барлық қызметті пайдалануға үйренуге көмектесу: жәрдемақы, медициналық және білім беру қызметтерін алу
Әріптестердің белсенді желісін құру және дағдарысты отбасыларды қолдау үшін жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін күшейту